RU

Даяшының артында жүрген кішкентай қыздың елесі дәмхана қызметкерін шошытты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Англияның Йорк қаласының 32 жастағы тұрғыны Ли Смит дәмханалардың бірінде менеджердің көмекшісі болып жұмыс істейді. Ер адам бақылау камераларын тексеріп, видеоларды көрмек болған. Алайда күтпеген жерден қорқынышты көріністің куәсі болды деп хабарлайды life.ru-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Сол күні Ли әдеттегідей сырахананы ашып жатқан. Алайда көзі экранға түсіп кетті. Кадрдан ол Молли есімді даяшының үстелдердің үстін тазалап отырғанын көрген. Алайда ер адам оның артында түсініксіз мүсіннің жүргенін байқаған. Ол әрлі-берлі жүріп, біраздан кейін жоқ болып кетіпті.

Көріністі көріп, шошыған Ли оны шақырып, жазбаны көрсеткен. Бойжеткен артында біреудің жүргенін сезгенін айтқан. Алайда ол оны Ли деп ойлапты.

Lad Bible баслымы бұған дейін осы ғимаратта істеген адамдардың түсініксіз елестерді көргенін айтқанын хабарлады.

Ли мұны көйлек киген кішкентай қыздың елесі деп отыр. Желі қолданушылары мұны терезенің сыртындағы қыздың сәулесі екенін айтуда.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Даяшының артында жүрген кішкентай қыздың елесі дәмхана қызметкерін шошытты
Mailfire view pixel