RU
23 жасында торт пісіріп, байып кеткен шымкенттік келіншек туралы не білеміз

23 жасында торт пісіріп, байып кеткен шымкенттік келіншек туралы не білеміз

Рассказать Вконтакте

Сарыағаштық Майра Ескелді - торт пісіріп, өз кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкер келіншек. Дизайнерлік оқуға түссе де, тәтті-дәмді пісіруге көңілі ауған ол бұл шешіміне еш өкінбейді екен. KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген кейіпкер жас кәсіпкерлерге айтар кеңесімен де бөлісе кетті.

Фото Майра Ескелдінің жеке мұрағатынан алынды

Фото Майра Ескелдінің жеке мұрағатынан алынды

- Майра қайырлы күн, шыны керек, желідегі торттарыңызды көріп қатты таң қалдық. Кондитерлік кәсіпке қалай келдіңіз?

Қайырлы күн, рахмет! Мен негізі дизайнер, тігінші боламын деп ойлағанмын. Үйде сол қонақтарға жасаған тортымды мақтап, тапсырыс қабылдамайсыз ба деп біразы ой тастаған болатын.

Осыдан 4 жыл бұрын хобби етіп бастаған болатынмын. Содан бері ақырындап тапсырыс қабылдап, қазір бизнеске айналып кетті.

- Торттарға деген тапсырыс көп пе? Жалпы кондитерлер қазір елімізде көп қой... Бәсеке деген бар. Олардан асып түсу үшін қандай әрекет етудесіз?

Иә, тапсырыс көп. Әсіресе мейрам күндері. Қазір не көп той көп қой, бәсекелестер де жетіп жатыр. Әркімнің ризығы өзінде. Адал жолмен тапқан ақшаның жемісі тәтті болады.

Мақсатым біреуден асып түсу емес. Өзім осы жұмысты жақсы көргендіктен кірістім. Ешкіммен жұмысым жоқ.

Әркімдікі өзіне, кейде жарнама да жасаймын. Егер жасаған затыңның сапасы жақсы болса, клиенттер өзі-ақ келеді.

- Өзіңіз қай өңірдің тумасысыз? Негізгі мамандығыңыз қандай?

Өзім Сарыағаш қаласынан боламын, жасым 23-те. Оқуымды аяқтамадым, тұрмыс құрдым. Мамандығым дизайнер болатын. Суретшілік қабілетім де бар. Дизайнер болу бала кезімнен келе жатқан арманым болатын.

- Осы кәсібіңізбен отбасыңызды асырап отырсыз ба? Жалпы ай сайын қанша табыс табасыз?

Аллаға шүкір, бәріне жеткіземіз. Бұл істі бастауыма ең бірінші жолдасым себепкер. Осы күнгі жетістіктерім сол кісінің арқасы.

Айлықты негізі есептемейді екенмін. Шамамен 200-400 мың арасы шығар. Меніңше әрбір әйел адамның өзінің жақсы көретін жұмысы болуы тиіс.

- Қанша бала тәрбиелеп отырсыз? Жолдасыңыз немен айналысады?

Отбасын құрғанымызға міне 6 жыл болды, 2 қыз 1 ұлым бар. Жолдасым қазір машинамен айналысады. Мамандығы - мұғалім, бірақ ол мамандық бойынша жұмыс жасамайды. Ол кісінің де өзінің бизнесі бар.

- Кәсіпкер ретінде қыз-келіншектерге қандай ақыл айтар едіңіз?

Бизнес бастауға еш нәрседен қорықпау керек. Әрине, басында сүрінесің, ұтыласың. Бірақ тоқтамау керек. Алға ұмтылу керек.

Жаныңда демеп қолдап отыратын адам болса тіптен жақсы. Өз өміріңіз өз қолыңызда. Тәуекел етіп, өзіңіздің кім екеніңізді таппайынша алға ұмтылу керек.

Өзіңізді тапқан соң, дұрыс мақсат қою керек. Дұрыс мақсат қойылса жетістіктерге жетуге болады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
25
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel