RU
37 мың доллар пара алған: Мәдениет министрлігінің экс-қызметкерлері сотталды

37 мың доллар пара алған: Мәдениет министрлігінің экс-қызметкерлері сотталды

Рассказать Вконтакте

Мәдениет және спорт министрлігінің экс-жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев пен этика жөніндегі бұрынғы уәкіл Еренай Дәржібаев ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұрынғы шенеуніктердің ісіне қатысты сот Нұр-Сұлтанда өтті деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Еренай Дәржібаев (сол жақта) және Қуатжан Уәлиев (оң жақта). Фото: bnews.kz

Еренай Дәржібаев (сол жақта) және Қуатжан Уәлиев (оң жақта). Фото: bnews.kz

Хабарланғандай, Уәлиев пен Дәржібаев діни әдебиетті шығару бойынша мемлекеттік сатып алу шартын жасау арқылприы қолдау көрсеткені үшін ірі мөлшерде пара алды деп айыпталуда.

Уәлиев 8 жылға колония-қонысына тоғытылса, оның әріптесі Еренай Дәржібаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұрынғы шенеуніктердің екеуін де мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырды.

Tengrinews.kz хабарлағандай, сот сонымен қатар мемлекет басшысының атына сотталғандарды мемлекеттік наградалардан айыру туралы ұсыныс енгізуге қаулы етті.

Басылым "ҚазАқпарат" баспа корпорациясының президенті Қонысбек Ботабай және кәсіпорын қызметкері Нұркен Құралабай даулы іске қатысты екенін атап өтті. Олардың екеуі де шенеуніктерге пара берді деп айыпталуда.

Ботабай кінәлі деп танылып, оған 7 жыл бас бостандығын шектеу тағайындады. Сот үкімнің жеңілдігін сотталғанның жасы мен денсаулық жағдайымен түсіндірді.

Нұркен Құралабайдың іс-әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ол ақталып шықты.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтандағы мейрамханалардың бірінде Мәдениет және спорт министрлігінің шенеуніктері ірі көлемде пара алып жатқан жерінен ұсталған еді.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel