Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда Израиль елшілігінің жабылу себептері белгілі болды

Опубликовано:

Израильдің Қазақстан Республикасындағы елшісі Лиат Вексельман елдегі дипломатиялық өкілдіктің жұмысын тоқтатуға қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Вексельманның ресми түсініктемесіне сәйкес, кез келген консулдық қызмет көрсету және дипломатиялық қызмет Израиль дипломаттарының ереуіліне байланысты толығымен тоқтатылды. Ереуіл Израильдің әлемдегі барлық өкілдіктерінде әрекет етеді.

Осы кезеңде виза алу сияқты қызметтер Қазақстан азаматтары үшін де, Израиль азаматтары үшін де қолжетімді болмайды. Жұмыс тәртібі ереуіл аяқталғаннан кейін қалпына келтіріледі деп мәлімдеді елші.

Вексельман ереуілдің себебі Израильдің Қаржы министрлігінің мемлекеттің дипломатиялық құралдарын қысқартуы болды деп түсіндіреді. Сонымен қатар, ол ҚР мен Израильдің екіжақты қарым-қатынасы ереуілді енгізу шешіміне еш қатысы жоқ деп сендіріп, жағдайды "израильдік биліктің ішкі мәселесі" деп атайды.

Елші қақтығыстың ең қысқа мерзімде шешілетініне және бүкіл әлемдегі елшіліктер штаттық режимде қайта бастайтынына шынайы үміт білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 2019 жылдың 30 қазанында Израильдің әлемдегі барлық елшіліктері жабылғаны хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1824920-kr-da-izrail-elsiligini-zabylu-sebepteri-ajtyldy/

pixel