RU
Маңғыстауда 90 млн теңге ұрлаған қылмыстық топ құрықталды

Маңғыстауда 90 млн теңге ұрлаған қылмыстық топ құрықталды

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысындағы энергетикалық компанияның бес қызметкері ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және тұтынушылардан электр энергиясы үшін қаражат жинау кезінде 90 млн теңгеден астам ақша жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы lada.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: Lada.kz

Көрнекі фото: Lada.kz

Маңғыстауда "МАЭК-Казатомпром" ЖШС, "AllianceEnergoSnab-Актау" ЖШС және "Электр Жүйелері" ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікпен сот алды тергеу жұмыстары басталды.

Аталған ұйымдардың лауызмды тұлғалары Маңғыстау облысындағы тұтынушылардан электр энергиясы үшін қаражат жинау кезінде ақша жымқыру жолымен мемлекетке 90 млн теңгеден аса көлемде шығын келтірді деп күдіктелуде.

Қылмыстық кодекстің 262-бабы 1 және 2 бөлімін, 190-бабы 2 және 4 бөлімін бұзды деген күдікке ілінген бес адам уақытша тергеу изоляторына тоғытылды.

"Сот алды тергеу жұмыстары жалғасуда. Істің мән-жайы тергеу мүдессіне байланысты жарияланбайды , -деді Маңғыстау облыстың ЭТД.
Сіздің реакцияңыз
4
0
1
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel