Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жезқазғанда терезе алдында тұрған екі баланы құтқару сәті видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Жезқазғанда үйде жалғыз қалған екі және төрт жасар бала терезеден құлап кете жаздады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Original

Балалардың терезе алдында тұрғанын көршілер байқап, бірден құтқарушылар шақырған.

"Балалар терезе алдында тұрып, төмен қарап тұрды. Олар кез келген секундта төменге құлап кетуі мүмкін еді. Әсіресе, кішісі. Ол не болып жатқанын мүлде түсінбеген. Абырой болғанда, құтқарушылар оқиға орнына жедел түрде жетіп, балаларды құтқарып қалды. Ал олардың ата-анасы бұл уақытта қайда болғаны бізге беймәлім",- деді көршілер.

Өңірлік ТЖК баспасөз қызметі балалардың құтқарылғаны туралы ақпаратты растады.

"Тұрғындар мен құтқарушылардың оперативтілігі оқыс жағдайдың алдын алды. Құрметті, ата-анадар. Балаларды аз уақытқа болса да, жалғыз қалдырмаңыздар", -деп мәлімдеді өңірдің ТЖК баспасөз қызметінде.

Куәгерлер балалардың құтқарылған сәтін видеоға түсіріп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824931-zezkazganda-tereze-aldynda-trgan-eki-balany-ktkaru-sti-videoga-tsip-kaldy/

pixel