RU
"Қарыз болған": Шымкенттегі дәмхана иесі оқыс оқиғаның мән-жайын баяндады

"Қарыз болған": Шымкенттегі дәмхана иесі оқыс оқиғаның мән-жайын баяндады

Рассказать Вконтакте

Шымкент дәмханасында атылған оқтан 5 адам жараланып, біреуі қаза тапты. Қазір полицейлер қару кезенгендерді іздеп жатыр. Қанды қылмыс ірі көлемдегі ақшадан туған деген дерек бар деп хабарлайды Астана арнасы.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Әзірге полиция атысқа ірі сомадағы қаржы себеп болған деген ақпаратты растамай отыр.

Оқиға Шымкенттегі Арғынбеков көшесінің бойындағы "Сүндет" дәмханасында болды. Белгісіз біреулер тамақтану орнына келіп, қарудан оқ атқан. Нәтижесінде Бес адам түрлі дене жарақатын алып, бір адам оқиға орнында жан тәсілім еткен.

Дәмхана қызметкерлері болған жайтқа қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

"Үйге есікті ұрды. Хозяин келді ма маған «қарамаңдар» деді да, кішкентай балалары бар еді соны кіргізіп жіберді, болды. Потом сондай болды да «қарамаңдар, қарамаңдар деді. Мені өзім түсінген де жоқпын. -Атысты есіттіңіз ба бірақ өзіңіз?- Бірақ тақылдап жатқанын есіттім", - дейді көрші.
"Оны біз ит атып жатыр деп ойладық та негізінде, кейін мен шықтым уже, әпше магазинде болған. Мен мына жерге шықсам машиналар толып кеткен. ГАИ-лер толып кеткен да уже", - дейді дәріхана сатушысы.

Оқтың не себепті атылғаны әзірге белгісіз. Қазір қылмыс орнынан алынған бірнеше атыс құралы сараптамаға жіберілген.

"Біреу біреуге қарыз болған. Біреу пайыздық үстемемен ақша берген. Ештеңеге тапсырыс бермеген. Ал 15 минуттан кейін барлығы болған. Олар, тіпті, кафеден ештеңе алмаған, - дейді дәмхана иесі.

Оқиға орнында сондай-ақ қомақты ақша да табылған. Оның бұл қылмысқа қатысы бар-жоғы да белгісіз. Шаһардың бас полицейі екі күдіктінің барын айтуда. Ол бұдан өзге ақпараттарды жарияламады. Сондай-ақ, анықталғанадй оқиға орнында болғандардың арасында сотталғандар да бар.

"Ол қылмыс істеген адамдар бәрі белгілі, анықталды. Қазір ұстау шаралары жүргізіліп жатыр, құдай қаласа жақын арада ұстап, оның бәрін әркім  өз тиісті жазасын алады. Оған сеніңіздер", - дейді Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов.

Қазіргі таңда 4 адам ауруханада. Дәрігерлердің сөзінше, жансақтау бөліміндегі екеуінің жағдайы ауыр.

"Төрт науқасқа да оқ тиген, бытыраның оғы. Бірінші науқас 1984 жылғы, оқ жарақатынан кейінгі іш аймағындағы аш ішек пен тоқішектің жарақаты. Бір науқас бас миының ашық жарақаты болды. Нейрохирург дәрігерлер ота жасағаннан кейін ол кісі де жансақтау бөлімінде. Біреуі беткей жарақат болуына байланысты хирургия бөлімінде, ал екінші науқас оң аяғының балтырына фиксация жасалынды. Қазіргі таңда травматология бөлімшесінде", - дейді Шымкент қалалық клиникалық ауруханасы қабылдау бөлімінің бөлім меңгерушісі Өткіржан Молдаханов.

Айта кетейік, оқыс оқиға видеоға түсіп, желіге таралып кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel