RU
Күйеуінің опасыздығын біліп қойған келіншек одан ерекше тәсілмен кек алды

Күйеуінің опасыздығын біліп қойған келіншек одан ерекше тәсілмен кек алды

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Пенсильвания қаласының тұрғыны Брэнди Ли өзіне опасыздық жасаған күйеуінен ерекше тәсілмен кек алған деп хабарлайды Metro-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook/Brandi Lee

Фото: facebook/Brandi Lee

Жұбайының өзіне опасыздық жасағанын біліп қойған әйел адам ажырасуға арыз жазған. Алайда сот оны күйеуіне $7,5 мың доллар (шамамен 3 млн теңгеге жуық) өтеп беруге міндеттеді.

Брэнди мұндай шешімге көңілі толмаса да, сасқалақтамай, барлық соманы өтеп беруге келісті. Алайда ол ақшаны тиынмен беруді шешті.

"Сот шешімімен мен 7,5 мың доллар беруім керек. Алайда ақшаны нақты қалай беру керектігі айтылмады", - деді әйел адам.

Осыдан кейін ол банкке барып, қызметкерлерге барлық жағдайды баяндап, 7,5 мың долларды дайммен беруді сұраған. Нәтижесінде келіншек 159 келі тиынды бірнеше қорапқа салып, бұрынғы күйеуіне жіберіпті.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel