RU
Шымкентте жоғалған 14 жастағы оқушы қыз жалдамалы пәтерден табылды

Шымкентте жоғалған 14 жастағы оқушы қыз жалдамалы пәтерден табылды

Рассказать Вконтакте

Шымкенттің Ордабасы ауданында 14 жастағы қыз жоғалып кетті. Аудандық полиция бөлімшесіне арызды мектеп оқушысының анасы тастаған деп хабарлайды "NewTimes.kz" агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Келіншектің айтуынша, таңертең мектепке кеткен қызы үйге қайта оралмаған. Бірден іздеу жұмыстарына кіріскен аудандық полиция қызметкерлері куәгерлер мен туыстардан сұрап, мектеп оқушысы баруы мүмкін жерлердеі тексерді.

"Іздеу жұмыстары нәтижесінде полицейлер жоғалған қыздың қайда екенін анықтады. Жедел қызметкерлер оның ізіне түсіп, Шымкенттегі жалдамалы пәтерлердің бірінен тапты",- деп хабарлады ведомствода.

Психологтармен және тәртіп сақшыларымен тілдескен қыз үйіне оралды. Қазір істің мән-жайы анықталуда. Өз кезегінде, табылған қыздың анасы Ордабасы аудандық полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

"Бізге қиын жағдайда көмек көрсеткен тәртіп сақшыларына алғыс айтқым келеді",- деді аудан тұрғыны.

Сіздің реакцияңыз
5
0
2
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel