Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жігітім менен ұялады": Сырын ақтарған мүгедек ару елдің ақылына жүгінді

Опубликовано:

23 жатсағы бойжеткен жол апаты салдарынан мүгедек болып қалғанын сөз етті. Бір аяғы ақсаңдап жүретін ару сүйіктісінің көпшілік алдында оған жоламайтынын, достарына таныстырудан қашатынын айтып, мұңын шақты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бойжеткен Instagram-дағы zhenskaya_blogika парақшасында сырын ақтарды.

Оның сөзінше, жүріп жүрген жігіті одан ұялатын көрінеді.

"Жасым 23-те. Сырт келбетім көз тартарлық. Екі жоғарғы білімім бар, қызметтемін. Десе де, жүріп жүрген жігітім менен ұялады, себебі мүгедекпін.

Жол апатынан кейін ақсаңдап жүретін болдым. Менімен бірге адам бар жерге бармайды. Көпшіліктің көзінше қолымнан ұстамайды.

Достарымен де таныстырғысы келмейді. Сұраған адамдарға жай құрбым деп айтады", - деп мұңын шақты ару.

Бойжеткен олардың қарым қатынасын жігітінің анасы да құптамайтынын алға татты.

Әйел адам мүгедек жан оның ұлына сау бала туып, өзіне жақсы келін бола алмайтынын ашып айтқан екен.

"Ал оның анасы баласының менімен тіпті, жай дос ретінде араласқанын қаламайды. Мен секілділер сау баланы дүниеге әкеліп, лайықты келін бола алмайды дейді.

Ара-қатынасымызды тоқтатқым келеді. Бірақ біз бір-бірімізге бауыр басып қалдық. Ол да мені тастап кетер емес. Отбасын құрып, балалы болғым келеді.

Бірақ мынандай жағдайлардан кейін басым. Қатты не істерімді білмей қалдым", - дейді кейіпкер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824951-zigitim-menen-alady-syryn-aktargan-mgedek-aru-eldi-akylyna-zgindi/

pixel