Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Монаколық компания басшысы қазақстандық шенеунікке пара бергенін мойындады

Опубликовано:

Монакода орналасқан Unaoil делдалдық компаниясының бұрынғы басшысы Cайрус Ахсани және операциялық директор Саман Ахсани Қазақстанда шенеуніктерге пара берді деген күдікке ілінді. Тиісті мәлімдеме АҚШ әділет министрлігінің сайтында 30 қазанда жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ведомство мәліметінше, Монакодағы делдал серіктестіктің бұрынғы директоры және бас операциялық директоры сыбайлас жемқорлық схемасына қатысқаны және әлемнің көптеген елдеріндегі шенеуніктерге миллиондаған доллар пара бергені үшін кінәсін мойындады.

Атап айтқанда, бұларға Алжир, Ангола, Әзірбайжан, Конго, Иран, Ирак, Қазақстан, Ливия және Сирия жатады.

51 жастағы Сайрус Ахсани мен 46 жастағы Саман Ахсани Ұлыбритания азаматтары болып табылады. Топ-менеджерлердің әрқайсысы сыбайлас жемқорлыққа барғанын мойындады.

Параны компанияға мұнай-газ келісімшарттарын қамтамасыз ету үшін бергені белгілі болды.

Сот құжаттарына сәйкес, АҚШ-тың бұрынғы тұрғыны және бас директор Сайрус Ахсани және бұрынғы оперциялық директор Саман Ахсани Монакодағы энергетика саласында жұмыс істейтін трансұлттық компанияларға делдалдық компанияны басқарған.

Шамамен 1999 жылдан 2016 жылға дейін Ахсани жоғарыда аталған елдердің бірнеше компаниясымен, шенеуніктерімен және жеке тұлғаларымен келісім жүргізді.

"Сонымен қатар, сот құжаттарында Сайрус және Саман Ахсани өздерінің сыбайлас жемқорлық схемасы бойынша кірістерді заңдастырғаны, сондай-ақ АҚШ пен басқа елдерде тергеудің алдын алу мақсатында жойылған дәлелдемелер бар екендігі көрсетілген", - делінген хабарламада.

Іске компанияның 50 жастағы бұрынғы бизнесті дамыту жөніндегі директоры, сондай-ақ британдық Стивен Хантердің есімі аталған. Ол тағы екі басшымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін кінәсін мойындады.

Құжатта Сайрус пен Саман Ахсани АҚШ-та 2020 жылдың 20 сәуірінде, ал Хантер 2020 жылы 13 наурызда сотталуы керек делінген.

Монако полициясы делдал компанияның бас кеңсесінде тексеру жұмыстарын жүргізгені белгілі болды.

Тергеудегі алғашқы айыптар 2017 жылы айтылды.

Осыған қатысты ақпарат алғаш жарияланған уақытта Асани әулеті мен Unaoil пара беруге қатысы жоқтығын және бұл айыптауларды "компанияның имиджіне нұқсан келтіру" деп көрсетті.

Түбінде Сайрус мен Саман Ахсани өз кінәсін мойындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824968-monakodagy-bir-kompaniany-bassysy-kazakstandyk-seneunikke-para-bergenin-ajtty/

pixel