RU
Әшімбаев жаңа лауазымды қызметке тағайындалды

Әшімбаев жаңа лауазымды қызметке тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Сыртқы істер министрлігінде "Сыртқы саяси зерттеулер" АҚ Директорлар кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Бұл туралы сыртқы саяси ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Отырысты ашқан министр Мұхтар Тілеуберді Директорлар кеңесін сайланумен құттықтап, қатысушыларға Сыртқы саяси зерттеулер институтының мақсаты мен міндетін таныстырды. Ол мүшелерге жемісті жұмыс тіледі.

Директорлар кеңесін Қазақстан президентінің кеңесшісі Мәулен Әшімбаев басқаратын болды.

Институттың негізгі міндеті Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарын іске асыру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу, әлемдік саясат пен экономикада, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік саласында өзекті трендтерді анықтау болып табылады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel