RU
Қытайдан қашқан этникалық қазақтар үшін шекарашы өз қызметінен босатылды

Қытайдан қашқан этникалық қазақтар үшін шекарашы өз қызметінен босатылды

Рассказать Вконтакте

Қытайдан қашқан қос қазақ шекараны кесіп өткені үшін бөлім командирі қызметінен босатылды. Тағы бірнеше лауазымды тұлға жазаланатын болады деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасаған Астана арнасы.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Заңды бұзған екеуі бір жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жазасын шартты түрде өтеу де қарастырылып отыр.

"Лауазымды тұлғаларға қолданылатын жаза тәртіптік негізде. Олар қарапайым әскерилер емес, салмақты шенеуніктер. Мәселен, шекара бекетінің бастығы, шекара комендантының коменданты және бөлім командирі. Соңғысы қызметінен кетті", - дейді ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары - шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов.

Алматы облысы әкімінің орынбасарына қатысты іс қозғаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің өзі тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Сонымен қатар, Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов қылмыстық жағдайдың болмауына байланысты Бағдат Мәнізоровтың ісі тоқтатылғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, оған "қызмет бабын пайдаланып, аса ірі көлемде алаяқтық жасады" деген айып тағылған болатын.

"Иә, Бағдат Мәнізоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бас прокурор сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарына заңды бұзуға жол берген тұлғаларды дисциплинарлық тәртіпке тарту туралы ұсыныс енгізді", - деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel