RU
"Миымды жейді": Әйел алғысы келмейтінін айтқан бүлдіршін желіні жарды

"Миымды жейді": Әйел алғысы келмейтінін айтқан бүлдіршін желіні жарды

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде тілі жаңадан шыққан баланың "Келіншек алмаймын. Миымды жейді" деген әңгімесі тарап, көпшіліктің көңілін көтерді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Видео Instagram желісіндегі insta_azil тобында жарияланды.

Кадрдан ер азаматтың кішкентай балаға "келіншек аласың ба?" деп сұрақ қойғанын, оған балдырғанның "Келіншек алмаймын. Миымды жейді" деп жауап бергенін байқауға болады.

Бүлдіршіннің тәтті қылығы сонда отырған адамдардың көңілін көтеріп тастады.

Бұны көрген желі оқырмандарының пікірі екіге бөлінді.

Бірінші тарап "Қандай тәтті бала", "Қылығы әдемі", "Көңілім көтеріліп қалды", "Тамаша", "Тілінен айналдым" деген пікірлер қалдырды.

Ал екіншілері балаға жасына лайықты сұрақ қою керектігін ескертті.

"Осындай да сұрақ болады екен", "Ата-анасы жақсы сөз үйретпейді ме", "Баланың жасына сай әңгіме жаттату керек", - деді олар.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
0
17
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel