RU
Шпагатқа отырған алты жасар қыз жарымжан болып қалды

Шпагатқа отырған алты жасар қыз жарымжан болып қалды

Рассказать Вконтакте

Қытайлық қыз би сабағына қатысқан соң сал болып қалды. Аяқ созу кезінде жаттықтырушысы шпагатқа отырған бишінің аяғынан басқан деп хабарлайды Lenta.ru порталын сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Хэнань аймағында тұратын Тунтун есімді алты жасар қыз би үйірмесіне екі жылдан бері қатысып келген.

Аяқты созу кезінде дұрыс шпагатқа отырғызу үшін жаттықтырушысы қыздың аяғынан басқан. Нәтижесінде оның аяғы ақсаңдап, жүре алмай қалыпты.

Бірнеше уақыт өткен соң қыз тіпті белден төмен өз денесін сезбей қалған.

Тунтунның жағдайы дұрыс емес екенін аңғарған жаттықтырушылар оны тұрғызбақ болады. Алайда ол аяғын басып тұра алмапты.

Тунтунды тез арада ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер оның сауығып кетуге мүмкіндігі аз екенін айтуда.

Сіздің реакцияңыз
0
2
5
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel