Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызмет үшін - 30 сотық": Манзоровтың адвокаты дау тудырған видеоны түсіндірді

Опубликовано:

Әлеуметтік желілерде Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың қатысуымен түсірілген видео тарап кетті. Аталған роликке қатысты шенеуніктің қорғаушысы Алмас Демесінов пікір білдірді деп хабарлайды Zakon.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Almaty.tv
Фото: Almaty.tv: Facebook

Видеода аймақ басшысының орынбасары "услугам үшін 30 сотық алдым" деген сөзі бар. Аталған жазба туралы Бағдат Манзоровтың адвокаты өз ойын айтты.

Алмас Демесіновтың сөзінше, желіде таралған ролик - монтаж. Ол бұл жазбаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ғимаратында жазылғанын айтты. Орынбасардың сөзі контекстен үзіліп алынған.

Адвокаттың айтуынша, олар бұл видеоның пайда болуы мен желіде тарауына қатысты тиісті арыз жазбақ.

Демесінов "Қызмет үшін - 30 сотық" деген сөздің жер телімін қайта заңдастыру бойынша заңгердің қызметін төлеу туралы айтылғанын атап өтті. Бағдат Манзоров та жазбада осы туралы айтқан.

Әкім орынбасарына қатысы жоқ, заңгер Шаловқа аталған төлемді адамдар беруі тиіс болған. Алайда оның айтуынша, төлем сол күйі жасалынбапты.

Шенеуініктің қорғаушысы 30 сотық жер телімінің Манзоровқа ешқандай қатысы жоқ екенін атап өтті.

Адвокаттың сөзінше, бұл видео мемлекеттік қызметкердің имиджіне кері әсер ету үшін әдейі әзірленген. Ол сондай-ақ, соңғы уақытта әлеуметтік желілер арқылы қоғам пікіріне ықпал ету жағдайлары көбейіп кеткенін айтты.

Еске сала кетсек, осыған дейін желіде Алматы облысының әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың қыркүйек айының соңында ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Кейіннен бұл мәліметті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

Кейіннен Манзоровтың аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдіктеліп, үй қамақта отырғаны белгілі болды.

Бұл ақпаратты да сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік нақтылады. Ал 29 қазанда Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Алматы облысының әкімдігі шенеуніктің жұмыстан босатылмайтынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824998-kyzmet-sin-30-sotyk-manzorovty-advokaty-dau-tudyrgan-videony-tsindirdi/

pixel