Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тірі ме, жоқ па, білмеймін": Жұмағұлов алғаш рет жанұясы жайлы ашық айтты (видео)

Опубликовано:

Отандық ережесіз жекпе-жек спортшысы Жалғас Жұмағұлов көпбалалы әке болып шықты. Ақтөбелік жігіт алғаш рет жанұясы жайлы сыр ақтарып, бұрын-соңды айтпаған мәліметтермен бөлісті деп жазады "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сочиде чемпиондық атағын дәлелдеп шыққан Жұмағұлов отбасы мейірімін көрмей өскенін айтып, қазіргі таңда әкесінің қайда жүргенінен бейхабар екенін жеткізді.

"Бала кезімнен бері аралас жекпе-жек спортшысы болуды армандадым. Бірақ, менің жаттығуға мүмкіндігім, қаражатым болмады. Шын айтса, көшеде өстім десе де болады.

Мен әкесіз өстім. Он үш жаста болғанынмда ол із-түзсіз жоқ болып кетті. Мені жалғыз анам тәрбиелеп жеткізді. Бірақ, ол кісі екі жұмыс істеген соң, көп қолы тие бермейтін. Отбасымызда мен, қарындасым және інім бар.

Әкеме қалай болғанда да алғысым үлкен. Менің нағыз ер адамға сай мінезімді сол кісі шыңдап шығарған. Ол менің нағыз еркек болғанымды қалады. Қазір оның қайда екенін білмеймін. Тіпті тірі ме, жоқ па білмеймін" , - деді Жалғас.

Сонымен қатар, спортшы өзінің отбасылы адам екенін айтты. Бүгінде Жұмағұлов төрт баланың әкесі.

"Төрт балам бар. Үлкені тоғызда, кенжем бір жаста. Екі ұл мен екі қызым бар.
Ұлдарымды еркін күреске беріп қойдым. Болашақта ережесіз жекпе-жекке шығамыз деп жатса, қарсылық танытпаймын. Үлкен ұлым ақкөңіл, екінші ұлым өзім сияқты мінезді жігіт" , - деді спортшы.

Айта кетейік, бұған дейін Жалғас Жұмағұлов басынан өткен ауыр өмірлік кезеңі жайлы сыр ақтарған болатын.

Дәрігерлер спортшыға мүгедек болатынын жеткізіп, мансабын аяқтауға кеңес берген.

Оның басына түскен қиын сәтте жанында жүрген достары одан теріс айналып, қасында тек анасы мен әйелі ғана қалған.

Жалғас Жұмағұлов 19 қазан күні ресейлік спортшы Әли Багаутиновты жеңіп, өз чемпиондық белбеуін қорғап шықты. Отандық спортшыны жерлестері әуежайдан дүркірете күтіп алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825004-tiri-me-zok-pa-bilmejmin-zmaglov-algas-ret-zanasy-zajly-asyk-ajtty-video/

pixel