RU
Жемқорлар Қазақстанға 23 миллиард теңге шығын келтірген

Жемқорлар Қазақстанға 23 миллиард теңге шығын келтірген

Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің басшысы Алик Шпекбаев осы жылдың 9 айындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды қорытындылады. Ол парақорлық және ұрлық фактілері бойынша Қазақстанда келтірілген шығын көлемі 23 миллиардтан астам теңгені құрағанын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Агенттік жұмысының нәтижелері көрсеткендей, биылғы жылы келтірілген шығын мөлшері өткен жылмен салыстырғанда көп. 2018 жылдың 9 айында келтірілген залал 13,5 млрд теңге болса, ал 2019 жылдың 9 айындағы шығын 23,2 млрд теңгені құрады.

Сыбайлас жемқорлықпен айналысатын шенеуніктер пара алу кезінде жиі кездеседі. Оларға қатысты 850 қылмыс, сондай-ақ, 700-ден асатын ұрлау қылмысы мен 200-ден асатын билікті асыра пайдалану фактісі тіркелді.

Олардың 100-ге жуығы республикалық және аймақтық деңгейдегі басшылар. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлықпен айналысқан шенеуніктер Қазақстанға келтірген материалдық шығынның 94%-ы өтелді.

Құқық қорғау органдары мен сот жүйесі де "тазартудан" өтті. Осы жылы 7 судья қызметінен босатылды.

"Агенттік құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты жауапкершілігін арттыру туралы бастама көтерді. Сондай-ақ, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін мерзімінен бұрын шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігін шектеу ұсынылды", - деді Шпекбаев.
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel