RU
Орал тұрғыны бірнеше күн бойы мәйітпен бірге тұруға мәжбүр болды

Орал тұрғыны бірнеше күн бойы мәйітпен бірге тұруға мәжбүр болды

Рассказать Вконтакте

Орал қаласында зейнеткер өзінің пәтерінде үш күн бойы құрбысының мәйітімен бірге қамалып қалды. Ол есікті аша алмағандықтан, көршілері төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерін шақырды деп хабарлайды Мой город-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

78 жастағы зейнеткердің көршілерінің айтуынша, ол пәтерде жалғыз өзі тұрған.

"Ол біздің үйде біраз уақыт тұрады. Бес жыл бұрын жолдасынан айырылды. Қызы Мәскеуде тұрады. Жалғыз қалған қарияға көршілер көмектесетін. Балконға шығып қараймын. Жарық жанып тұрса, бәрі дұрыс деген сөз. Соңғы аптада қарияның үйінде жарық болмады. Үйіне келген коммуналдық қызмет қағаздары да есікте қалып қойғанын көрдік", -дейді көршілерінің бірі.

Қарияға жиі келіп тұратын құрбысы да көптен бері көрінбей кеткен. Бұдан соң көршілері дабыл қаға бастапты.

Полицияға барып, құтқарушыларды шақырған.

Есікті ашқан кезде пәтерде қарияның құрбысының мәйіті табылды. Ал әжей есікті аша алмаған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel