Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жемқорлыққа қарсы қызмет Манзоров ісін тоқтатқан Бас прокуратураға наразы

Опубликовано:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-департаментінің басшысы Қанат Сүлейменов ҚР Бас прокуратурасының Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты істі тоқтату туралы шешімімен келспейтінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдат Манзоров. Фото: baribar.kz
Бағдат Манзоров. Фото: baribar.kz: UGC

Сүлейменов Манзоровқа қатысты тергеу екі қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке жүгінгеннен кейін басталғанын айтты. Олардың өтініштері сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне жазылған.

"Біз бұл шешіммен келіспейміз. Қазір бұл шешім Бас прокуратураның қарауында жатыр. Тергеудің егжей-тегжейін ашпаймын, өйткені бұл тергеу құпиясы, оны тек прокуратура органдарының рұқсатымен ғана ашуға болады", - деді Сүлейменов.

Оның айтуынша, агенттіктің қарсылығы "жоғары прокурорға іс-әрекеттерге шағымдану" деп аталады.

Еске сала кетсек, осыған дейін желіде Алматы облысының әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың қыркүйек айының соңында ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Кейіннен бұл мәліметті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

Кейіннен Манзоровтың аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдіктеліп, үй қамақта отырғаны белгілі болды.

Бұл ақпаратты да сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік нақтылады. Ал 29 қазанда Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Алматы облысының әкімдігі шенеуніктің жұмыстан босатылмайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ шенеунік әкімдіктегі өз қызметіне кірісіп те кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825009-zemkorlykka-karsy-kyzmet-manzorov-isin-toktatkan-bas-prokuraturaga-narazy/

pixel