RU

Күздің соңғы айы қазақстандықтар үшін қандай болады

Синоптиктер Қазақстанда 31 қазаннан 2 қараша аралағыныда ауа райының қандай болатынын айтты. "Қазгидрометтің" болжамынша, елде жақын күндері күн суиды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қараша айы Қазақстандықтар үшін суық болмақ
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Кезекті циклон Ресейдің еуропалық бөлігінде пайда болды және жандана бастайды. Алдағы тәулікте ол Оралға, ал оның суық ызғары Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс аудандарына ауыстырылады.

Циклонның ауысуына абйланысты шығыс бағытта жаңбыр мен сулы қар түрінде жауын-шашын жауып, сондай-ақ күшті екпінді жел соғып, кей жерлерде боран мен көктайғақ болады.

Ауа температурасы климаттық нормадан 3...6°С-қа жоғары, республиканың солтүстік бөлігінде 8...13°С-қа жоғары болатын аномальды жылу күн сууымен ауысады.

Ауа температурасы қараша айының басында батыс аудандарында төмендеп, орташа көпжылдық көрсеткіштен 2...4°С төмен болады деп күтілуде деп хабарлады метеорологтар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1825010-kzdi-sogy-ajy-kazakstandyktar-sin-kandaj-bolady.html