RU
Пәкістанда пойыз өртенді: 62 адам тірідей жанып кетті (видео)

Пәкістанда пойыз өртенді: 62 адам тірідей жанып кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Пәкістанда 60-тан астам адамның өмірін жалмаған қайғылы жағдай орын алды. Алдын-ала мәліметтер бойынша, пойыз өртеніп, адамдар тірідей жанып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: twitter.com/dwivedi344

Видеодан кадр: twitter.com/dwivedi344

Жантүршігерлік өрт туралы ақпарат жергілікті журналистердің бірінің Тwitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында пайда болған.

Бастапқыда 25 адам қайтыс болып, тағы 30 жолаушы жарақат алғаны хабарланған еді.

Журналистің жазбасына қарағанда пойыз Карачи қаласынан Лахорға қарай бағыт алған. Екі шаһар да елдегі халқы көп, ірі қалалар қатарына кіреді.

Қызыл жалын пойыздың үш вагонын шарпыған. Өрттің шығу себебі - газ баллонының жарылуынан болуы мүмкін.

Темір жол министрі Шейх Рашид өрт шықса да қозғалысын жалғастырған пойыздан секірмек болған адамдардың көп бөлігі қайтыс болғанын айтқан. Жолаулышар пойызын тоқтату үшін уақыт керек болыпты.

Қайтыс болғандардың туыстары мәйіттерді қарап жатыр. Біршама адамдар анықталған. Алайда дәрігерлер кейбір мәйіттердің қатты күйгені сонша, тану мүмкін емес екенін айтуда.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel