RU
15 млн: Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегі үшін қанша табысқа кенелді

15 млн: Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегі үшін қанша табысқа кенелді

Рассказать Вконтакте

"Arlan MMA Pro" командасының спортшысы, Fightnights турнирінің чемпионы Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегінде қандай табысқа кенелгенін мәлімдеді. Ол ресейлік қарсыласы Әли Багаутиновпен жұдырықтасқаны үшін 40 мың АҚШ доллар алған деп жазады "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Белгілі болғандай Жұмағұлов чемпиондық атағын қорғаған жекпе-жегі үшін теңгеге аударғанда 15 миллион тапқан.

Алайда, бұл соманың барлығы дерлік Жалғасқа тиесілі емес болып шықты.

"Шыққаным үшін 20 мың доллар, жеңіске тағы он мың доллар қосылады. Тағы да 500 доллар демеушілік үшін алдым. Оған қоса, трансляция үшін де біршама табысқа кенелдім. Шамамен, бұл кездесуде 40 мың доллар алдым. Табысымның он пайызын бапкеріме, он пайызын менеджеріме бердім. Санасақ, сегіз мың доллар менде жоқ дей беріңіз" , - дейді спортшы.

Айта кетейік, бұған дейін Жалғас Жұмағұлов басынан өткен ауыр өмірлік кезеңі жайлы сыр ақтарған болатын.

Еске сала кетейік Жалғас Жұмағұлов 19 қазан күні ресейлік спортшы Әли Багаутиновты жеңіп, өз чемпиондық белбеуін қорғап шықты. Отандық спортшыны жерлестері әуежайдан дүркіретіп күтіп алған.

Жұмағұловтың екі ұлы мен екі қызы бар.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel