Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана LRT-дағы жымқыру ісі: Күдіктілерден жауап алынуда

Опубликовано:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана LRT-дағы ақша жымқыру ісі бойынша тергеу амалдарының қалай жүріп жатқанын айтып берді. Белгілі болғандай бұл іс бойынша 6 күдікті анықталған, оның ішінде төртеуі астана әкімдігінің бұрынғы қызметкері деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik/ Владислав Воднев
Фото: Sputnik/ Владислав Воднев: Facebook

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екінші тергеу департаментінің басшысы Сергей Перов мәлімдегендей, Астана LRT-дағы ақша жымқыру факті бойынша тергеу амалдары жалғасуда – аталған іс бойынша 6 күдікті анықталды.

Күдіктілер қатарында астана әкімдігінің төрт бұрынғы қызметкері бар – олар басшылық қызмет атқарған. Аталған күдіктілер тергеумен белсенді түрде ынтымақтасып жұмыс жасауда – олардан жауап алынып, көзбе-көз беттестіру өткізілуде.

Сонымен қатар, мамандар Астана LRT-дағы нақты атқарылған құрылыс жұмыстарын тексеруде, жымқыру салдарынан келтірілген шығын сомасы есептелуде – ол 1 млрд теңгеден асып кеткен.

Іс бойынша барлық сараптамаларды 2019 жылғы қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Ал басты күдікті – Астана LRT-ның бұрынғы басшысы Талғат Арданға қатысты жаңа мәліметтер хабарланбады.

Оны Интерпол желісі бойынша халықаралық іздеу жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825033-astana-lrt-dagy-zymkyru-isi-kdiktilerden-zauap-alynuda/

pixel