RU
АҚШ-та тікелей эфир кезінде бойжеткеннің миына ота жасалды (видео)

АҚШ-та тікелей эфир кезінде бойжеткеннің миына ота жасалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде 25 жастағы америкалық Дженна Шардттың миына ота жасалды. Түсірілімге науқастың өзі рұқсат берген деп хабарлайды Газета.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Кадр видеодан алынды

Кадр видеодан алынды

Белгілі болғандай, жас қыз сіңірі тартылуына байланысты медициналық мекемеге жүгінген.

Дәрігерлер оған жақын арада ота жасау керектігін, әйтпесе сөйлеу қабілеті нашарлауы мүмкін екенін ескерткен.

Жалпы, 45 минутқа созылған операция әлеуметтік желіде тікелей эфирден көрсетілді. Оны сол сәтте бірнеше мың адам көрген.

Ота жасалып жатқан кезде науқас ес-түсін біліп жатқан. Жазбада оның дәрігерлер көрсеткен суреттерді қарап, сұрақтарына жауап беріп жатқанын көруге болады.

Медиктердің айтуынша, ота жасау кезінде науқастың жағдайы тұрақты болған. Операция сәтті өткен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel