Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жемқорлық жайлы айтқан адамға параның 10 пайызы сыйақы ретінде берілуі мүмкін

Опубликовано:

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлық туралы хабарлаған азаматтарға берілетін сыйақының көбеюі мүмкін екендігін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабар берген адамдарды ынталандыру тетігі бар.

Алдағы уақытта оны сараланған жүйеге ауыстыру жоспарлануда.

Сыйақының мөлшері параның көлеміне қарай анықталады.

Мысалы, 2 миллион теңгенің парасы туралы хабар берілсе, осы соманың 10 пайызын сыйақы ретінде беру ұсынылды.

Ал сыйақының шекті мөлшері 10 миллион теңге болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев бұл жүйені енгізу үшін үкіметтің арнайы қаулысы қажет екенін білдірді.

"Біз сыйақы берудің дифференциалды жүйесін енгізуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін қазір тиісті үкімет қаулысын әзірлеп жатырмыз", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825051-zemkorlyk-zajly-ajtkan-adamga-parany-10-pajyzy-syjaky-retinde-berilui-mmkin/

pixel