RU
"Қанша адамға алдандым": Индира Расылхан бойындағы кемшіліктерін жайып салды

"Қанша адамға алдандым": Индира Расылхан бойындағы кемшіліктерін жайып салды

Рассказать Вконтакте

Әнші Индира Расылхан өзін аса сенгіш және уәдеге берік қасиетінің арқасында талай рет алданғанын айтып, желіде жан сырын ақтарды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші Instagram парақшасындағы кезекті жазбасында сенгіштігі мен уәдеге беріктігі салдарынан талай мәрте сүрінгенін жеткізді.

Ол басынан өткен өмірлік оқиғалары өзіне үлкен сабақ болғанын да атап өтті.

"Менің өмірімдегі болған жағдайлардың бәрі де мен үшін сабақ. Сенгішпін. Осы қасиетімді мен өзімнің кемшілігім деп санап келген екенмін. Қаншама адамға алданғаным рас. Қаншама адамның тойына тегін ән салып, бір тиын ала алмай кеткен кездерім де болған.
"Неше рет концерттіңді жасап берем" деп, концерттің соңында есебін шығара алмай қалған ұйымдастырушыларға бұйырғаны деп, ренжісуге бармай бергенін алып кеткен кездерім де болған. Басқа қалаға ұшып барып, ақырында ақшасын бермей қойып, ұшаққа өзімнің ақшаммен ұшып кетіп жатқан кездерім де болған.
Сенгіштігім үшін адамдардан таяқ жесем де, Алладан алғыс алып жүрдім деп ойлаймын. Бұрындары болса ашуланатын едім, қазір ойымның тазалығы мен үшін жақсы болды. Жақында ғана дәл сондай жағдайлардың бірі басымнан өтті. Бір қызығы бір-ақ ауыз сөз айттым да, ашуланған да жоқпын. Керісінше күлдім және ана адамды аядым" , - дейді Индира Расылхан.

Өнер иесі үнемі уәдесінде тұруға тырысып, талай рет қаражатынан айырылғанын да жасырмады.

"Уәдеме берікпін. Осы қасиетім үшін талай ақшадан қағылдым ғой. Алматыдағы тойға барам деп уәде беріп қойғаным үшін, президентіміздің қатысуымен өтетін концерттен бас тартқаным қалай? Қалтасын ойлайтын адамның қатарында еместігімнің тағы бір дәлелі осы ғой.

Жақында тағы да осындай жағдай өтті. Бес күн бойы басқа қалаларға концертпен жүру ұсынысынан бас тартып, "Шымкентке тойға (тегін) баруға уәде беріп қойдым" деп, оларға бас тартқаным қалай? Бұрындары өкініш өлтіріп жіберетін еді, қазір "той иесін қуанттым" деп, беймарал, алаңсыз жүре беретін болғанмын ғой.

Өмір деген тамаша! Адамға жасаған жақсылық үшін еш өкінбегенмін, өкінбеймін деген әнші бұдан көп сабақ алғанын айтады.

"Ең бастысы адамға ренжімеуді үйрендім. Алла менің ол істерім үшін жақсылықты еселеп беруде" , - деп түйіндеді Расылхан.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel