RU
Кличко рекорд орнату үшін боксқа қайта оралмақшы

Кличко рекорд орнату үшін боксқа қайта оралмақшы

Рассказать Вконтакте

2017 жылы спорттық мансабын аяқтаған украиналық кәсіпқой боксшы Владимир Кличко тарихтағы чемпиондық белбеудің ең жасы үлкен иегері атану үшін рингке қайта оралуы мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мен боксқа қайта оралу мүмкіндігін қарастырып жатырмын. Бірақ, жай ғана біреудің жағын сындыру үшін емес, рекордты жаңарту үшін оралғым келеді", – дейді Кличко.

Ол америкалық боксшы Джордж Форманның 45 жасында ауыр салмақтағы әлем чемпионы атанғанын еске салды.

Владимир Кличко – WBO, IBF, IBO және WBA тұжырымдамалары бойынша ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы.

Соңғы рет ол 2017 жылы британиялық Энтони Джошуамен жекпе-жек өткізіп, жеңіліс тапқан болатын.

Украиналық жалпы кәсіпқой бокста 64 рет жеңіске жетіп, бес рет жеңілген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel