RU
Жапонияда әділет министрі әйелінің кесірінен отставкаға кетті

Жапонияда әділет министрі әйелінің кесірінен отставкаға кетті

Рассказать Вконтакте

Жапония үкіметінде саяси дау туды. Әділет министрі депутат болып қызмет атқаратын әйелінің сайлаудағы заңбұзушылық әрекетіне байланысты отставкаға кеткен деп хабарлайды "Хабар 24".

Кацуюки Каваи. Фото: edu.sg

Кацуюки Каваи. Фото: edu.sg

Жергілікті "Бунсюн" басылымының хабарлауынша, Каваидің жары өз сайлау штабындағы қызметкерлерге заңмен қарастырылған үстемеден артық ақша төлеген.

Айта кетейік, министрдің әйелі Анри Каваи шілде айында Жапония парламенті жоғарғы палатасының депутаты болып сайланған еді.

Осылайша, Кацуюки Каваи сайлауға байланысты жанжал кесірінен қызметінен кеткен екінші министр болып отыр.

Өткен аптада елдің сауда министрі Иссю Сугавара мен оның көмекшілері өз жақтастарына ақша мен сый ұсынды деп айыпталған соң, ведомство басшысы отставкаға кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel