RU
Қаза болған "Ислам мемлекетінің" көшбасшысы қарапайым мата саудагері ретінде жасырынып жүрген

Қаза болған "Ислам мемлекетінің" көшбасшысы қарапайым мата саудагері ретінде жасырынып жүрген

Рассказать Вконтакте

Сирияның Бариша ауылының тұрғындары америкалықтардың қолынан қаза тапқан "Ислам мемлекеті" (Қазақстанда тыйым салынған) жетекшісі Абу Бакр аль-Багдадиді қарапайым мата саудагері ретінде таныған деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Абу Бакр аль-Багдади. Фото: Militant video

Абу Бакр аль-Багдади. Фото: Militant video

Дереккөздің ақпарынша, лаңкестік топтың жетекшісі өмірінің соңғы айларында отбасымен бірге Бариша ауылының бір шетіндегі бетон қабырғалармен қоршалған үлкен үйде тұрған.

Жергілікті тұрғындармен ол Абу Мухаммед Халяби болып танысқан. Олардың айтуынша, Абу Бакр барлығымен сыпайы сөйлескен, бірақ тұйық адам екені байқалған.

Тұрғындар оны отбасылық кәсібін ретке келтіру үшін Сирияның солтүстігіне көшіп келген мигрант деп ойлаған.

Кейбір куәгерлер лаңкестің көзін жою операциясы қалай өткенін айтып берді.

Сөздерінше, операция төрт сағатқа жуықтаған. Америкалық әскерилер "көшеде жүрген адамдардың барлығына оқ жаудырған".

Көптеген ғимараттарға зақым келген. Ал террористік топ жетекшісінің үйі ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар арқылы әуе соққыларымен ойрандалған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркияның бұқаралық ақпарат құралдары болжам бойынша, "Ислам мемлекеті" террористік тобының жетекшісі Абу Бакр аль-Багдадидің көзі жойылған жерден видео жариялаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel