RU
Зейнеткер әжей шкаф арасындағы тышқанды ұстаймын деп мерт болды

Зейнеткер әжей шкаф арасындағы тышқанды ұстаймын деп мерт болды

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританияның Бристол қаласында адам сенгісіз жағдай орын алды. Жалғызбасты зейнеткер апа шкаф арасындағы тышқанды ұстаймын деп қайтыс болған деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Қария әжей өзінің асханасында қызық дыбыстар естіп, онда тышқан бар деп жорыған.

Тышқанды аулау үшін, зейнеткер қақпан қоймақ болған. Осылайша ол қақпанды асханадағы шкаф жанына қоюға ниеттеніп, оны жылжытқан.

Сөйтіп оның арасына барып, қайта шыға алмай қалған. Қария қанша көмекке шақырғанымен, оны ешкім естімеген. Өкінішке орай зейнеткер сол жерде аштықтан көз жұмған.

74 жастағы Кэрол Уильямстың денесін табуға такси жүргізушісі себепкер болған.

Қарт әжей құрбысына бару үшін алдын ала такси шақырып, оған шыға алмай қалған. Такси жүргізуші сол мезетте полицей шақырған екен.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel