RU
"Орны толмас қайғыға ортақтасамын": Тоқаев Пәкістан президентіне көңіл айтты

"Орны толмас қайғыға ортақтасамын": Тоқаев Пәкістан президентіне көңіл айтты

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан президенті Ариф Алвиге көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорда.

Фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанда жолаушылар пойызында болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқы мен жеке өзімнің атымнан Сізге және қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтасамын. Сондай-ақ жантүршігерлік оқиға кезінде зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін", – делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, Пәкістанның солтүстік-шығысындағы Пенджаб провинциясында пойыздан өрт шығып, салдарынан қаза болғандардың саны 73-ке жеткені хабарланған еді.

Алдын ала деректерге сәйкес, өрттің шығуына тамақ пісіруге пайдаланылған газ баллонының жарылуы себеп болған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel