RU
Павлодарда белгісіз біреулер қонақ үйде оқ атты (фото)

Павлодарда белгісіз біреулер қонақ үйде оқ атты (фото)

Рассказать Вконтакте

Павлодардағы қонақ үйлердің бірінде белгісіз адамдар оқ атты. Оқиға орнына криминалды полиция аттанған. Атыс жасағандардың кім екенін анықталуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан түсірілген фотолар Instagram желісіндегі tipav1o парақшасында жарияланған. Суреттердің астына оқиғаның 31 қазан күні түнде болғаны жазылған.

Жарияланған кадрларға қарағанда, қонақ үйдің аты "Мерей". Бұл жерден терезелерге атылған оқтарды көруге болады. Ал, ғимарат аймағы орган қызметкерлерінен басқалардың өтуіне тыйым салатын лентамен қоршалған.

Сондай-ақ, алдын-ала мәлімет бойынша, ешкім зардап шеккен жоқ.

Полиция департаментіне сүйенген Павлодар-онлайн басылымының ақпарынша, оқиға 31 қазан күні түнгі екілер шамасында болған.

Ведомство атап өткендей, белгісіз адамдар анықталмаған қарудан оқ атқан.

Қазіргі уақытта бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Құқық қорғау қызметкерлері оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтауда.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel