RU
"Жаппай өлтіру мен аштық": Қазақстандық әйел Сириядағы өмір туралы айтты

"Жаппай өлтіру мен аштық": Қазақстандық әйел Сириядағы өмір туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Сирияда соғысқан қазақстандықтардың әйелдері қанды майданда бастарынан не кешкендерін, елге оралған соң өмірлері қалай өзгергенін айтып берді деп хабарлайды Астана телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Телеарнаның хабарлауынша, соңғы жеті жылда Қазақстан аумағында 9 террористік шабуыл ұйымдастырылыпты. Терроризм және экстремизм бойынша 700 қазақстандық айыпты деп танылып, сотталған. Олардың бірнешеуі Сириядан оралғандар.

Қазіргі уақытта шамамен олардың 300-і бұрынғы діни көзқарастарынан бас тартқан. Бұл психологтар мен теологтардың еңбегінің нәтижесі.

Өзгерістердің соғысқандардың ғана емес, олардың отбасыларында да орын алды. Сириядан оралған әйелдер де оңалтудан өтіп жатыр. Олардың бәрі елге хиджаб пен паранжада келген еді.

Алайда мамандармен жұмыс жасаған соң, олардың бірқатары шаштарын жайып, макияж жасай бастаған. Ал жабыңқы киімдерін заманауи киімдерге ауыстырыпты.

Өзгергендердің арасында Әлбина Мансұрова да бар. Ол алты жыл уақыт күйеуімен бірге Сирияда тұрған. Қазақстандықтың сөзінше, адамдарды қалай өлтіргенін өз көзімен бірнеше рет көріпті. Тіпті аштан өлмес үшін ол балаларымен бірге шөп жеген күндері де болған.

Әлбина Сирияда тек "әділетсіздік, қатігездік, агрессия, жаппай өлтіру және аштық" көргенін айтады. Соғыс аймағына тап болған кезде ғана болып жатқанның бәрі саясат екенін ұққан. Әлбинаның сөзінше, дін туралы ешқандай сөз болмапты.

Әйел балалары болғандықтан, олардың өмірі үшін алаңдағандықтан үйге қайтуды ойлапты. Алайда мұны жасау оңай емес еді.

Қазір Әлбина өз оқиғасын бәрімен бөлісіп, Сирияға кеткісі келетіндерге ескерту жасағысы келеді. Оның негізгі аудиториясы - студенттер.

Автор: Я. Гладкова

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel