Выйти
RU

Алматы облысында әйел ер адамды оқтаумен ұрып өлтірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысының тұрғыны өзімен бірге тұратын адамды оқтаумен ұрып өлтірген. Ер адамды өлтірді деген күдікпен әйел адам қамауға алынған деп хабарлайды өңірдегі полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Әйел полицияға көңілдесі қайтыс болғанын айтып, өзі жүгінген. Оқиға бүгін түске дейін Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек ауылында болған.

Қоңырау бойынша келген полиция 1952 туған ер адамның мәйітін қарап, одан қанды ісік пен жарақаттар тапқан.

Оқиға орнынан қылмыс құралы болуы мүмкін деп танылған оқтау табылды. ӘЙелді полиция бқлімшесіне жеткізіп, ол сол жерде түсінік берген.

Ауыл тұрғыны қылмыс орын алған үйдің иесі болып шыққан. Ол мас болып келген ер адамды қолымен және оқтаумен ұрғанын айтты.

Әйелге қатысты ҚР ҚК 99 (Кісі өлтіру) бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, оны қамауға алған. Іске қатысты қажетті сараптама жүргізілуде.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысында әйел ер адамды оқтаумен ұрып өлтірді