RU
Дзюдодан әлем чемпионы орманда асылып қалды

Дзюдодан әлем чемпионы орманда асылып қалды

Рассказать Вконтакте

Дзюдодан әлем чемпионы Крэйг Фэллон Шропширадағы (Ұлыбритания) орманда асылып тұрған жерінен табылды. Ол 36 жаста болған. Өлер алдында сүйген қызына хат қалдырып кетіпті деп жазады sport24.ru порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Спортшы осы жылдың шілде айында қаза болған. Дегенмен оның өлу себебі енді ғана анықталып жатыр.

Басылымның жазуынша, Крэйг Фэллонның мәйіті елдің батысындағы орманды алқаптан табылған. Чемпион өз-өзіне қол жұмсап, асылып қалған.

Мұндай қадамға бармас бұрын ол өзінің сүйіктісіне мазмұны ұзақ хат жазып, оны электронды пошта арқылы жіберген.

Өлер алдындағы жазбаның мәтіні жарияланбаған, алайда онда "Бұл менің таңдауым" деген сөздер бары айтылады.

Дзюдошының неліктен өмірмен қош айтысқаны белгісіз.

Ол 2005 жылы Египетте өткен сайыста әлем чемпионы атағын алған еді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel