Выйти
RU

Үйленгісі келген: Алматыда қыз ұрлаған жігіттер сотталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыдағы Жетісу ауданында үш жігітке қатысты қылмыстық істі қарады. Оларға адам ұрлаған деген айып тағылуда деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Тергеу барысында осы жылдың тамыз айында айыпталушылар зардап шегушінің үйіне түнгі уақытта келгені белгілі болды. Осы сәтте кәмелет жасына толмаған қыз өзінің жиенімен серуендеп жүрген.

Сотталушылардың бірі зардап шегушінің артынан келіп, қыздың ауызын жауып, көлікке сүйрей бастаған. Осы кезде оған екі жолдасы көмектесіпті. Олар кәмелетке толмаған қызды автокөлікке отырғызып үлгерген.

Қалаға бара жатқан жолда қыз ұрлықшылардан сытылып шығып, қашып кеткен.

Сотта айыпталушылардың бірі бұл қызды 2018 жылдан бері бақылап жүргенін айтқан. Жігіт оны кафелердің бірінен көріп қалып, әлеуметтік желі арқылы оған хабарлама жазған. Ол сондай-ақ, қыздың өзіне жауап бермегенін айтты.

Ер адам қызға үйлену үшін оны ұрламаққа бекінген.

Барлық айыпталушылар өз кінәсін толық мойындап, болған іске өкінетіндерін жеткізді. Зардап шегуші тарап жігіттерді түрмеге қамамауды сұраған.

Дегенмен сот шешімімен үшеуі де кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Үйленгісі келген: Алматыда қыз ұрлаған жігіттер сотталды