Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бағдат Манзоров өзінің босатылуына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Тергеуге түскен Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров "Алаяқтық" бабы бойынша оған қатысты қозғалған істің тоқтатылуына және одан әрі қылмыстық қудалаудан босатылуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Астана телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бағдат Манзоров босап шығуына қатысты пікір білдірді
Фото: Видеодан кадр: UGC

Қазіргі таңда бірнеше уақыт бұрын тергеуде болған шенеунік өзінің тікелей міндеттерін орындауға кірісіп кеткен.

Бағдат Манзоровпен телеарна тілшілері телефон арқылы әңгімелескен. Ол жұмысқа шыққанын растаған.

Сондай-ақ, әкім орынбасары ұзақ уақыт жұмыс орнында болмағандықтан енді қолының босамай жатқанын атап өтті. Оған қатысты тоқтатылған іс бойынша барлық қызықтыратын сұрақтарды ол өзінің адвокатына қоюға кеңес берді.

Мемлекеттік қызметкер қазір келіссөз жүргізіп отырғандықтан, сөйлесуге уақытының жоқ екенін хабарлаған.

"Қазір менде келіссөз жүріп жатыр, сөйлесе алмаймын, кешіріңіз", - деді Манзоров.

Сонымен қатар, бұл жағдайға қатысты саясаттанушы Расул Жұмалұлы пікір білдірді. Оның сөзінше, шенеуніктің ісі мемлекеттік органдардың қоғамнан жабық екенін тағы да көрсеткен.

Сарапшының пікірінше, осындай тергеулердің объективті екеніне күмән тудырады.

Расул Жұмалұлының айтуынша, алдымен халыққа әкім орынбасарының қылмыстық жазасы бар іс-әрекетке кінәлі екенін айтып, содан соң оны босатқаны туралы хабарлады.

Бірақ бұл ретте, шенеуніктің қатысы жоқтығын куәландыратын барлық мән-жайларды анықтау кезінде не болғаны белгісіз.

Бұл, өз кезегінде, әртүрлі болжамдар мен ойлар тудырады.

"Міне осы жерде күмән туа бастайды. Процесс әділ өтті ме? Бұл жерде іс қаншалықты телефон шалусыз өтті?", - деді саясаттанушы.

Автор: Әділ Өнербаев

Естеріңізге сала кетейік, Бағдат Манзоровтың ұсталғаны туралы қыркүйек айының соңында белгілі болды. Кейін "Ғаламат" ықшамауданындағы жер учаскелерімен қылмысқа қатысты болуы мүмкін екені хабарланды.

Жақында Бас прокуратура оған қатысты қылмыстық іс заңсыздығына байланысты тоқтатылды деп хабарлады.

31 қазан күні шенеуніктің қорғаушысы әлеуметтік желілерде жарияланған Бағдат Манзоровтың қатысумен болған видеоға түсініктеме берді.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрескерлер істі тоқтатуға қарсылық білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825135-bagdat-manzorov-zini-bosatyluyna-katysty-pikir-bildirdi/

pixel