RU
Атамбаевтың ұлы өзі басқаратын компанияны тартып алуға әрекет етіп жатқанын жайып салды

Атамбаевтың ұлы өзі басқаратын компанияны тартып алуға әрекет етіп жатқанын жайып салды

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы Сейитбек Атамбаев бизнес-омбудсмен Робин Орд-Смиттің атына ашық хат жазып, өзі басқаратын компаниясын тартып алуға әрекет етіп жатқанын айтты деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Сейитбек Атамбаев. Фото: april.kg

Сейитбек Атамбаев. Фото: april.kg

Сейитбек Атамбаев бұл әрекетті елдің бұрынғы президентінің ұлы ретінде "саяси қуғындалу" деп бағалайтынын атап өткен.

Сейитбек үндеуінде өзі басқаратын компанияның ешқашан мемлекеттік тендерлерге қатыспағанын, қарапайым тұтынушыларға емес, тек ірі кәсіпорындаға ғана электр энергиясын жеткізіп келгенін мәлімдеді.

Ол сонымен бірге ешқандай саяси партияға мүше емес екенін жеткізді.

"Президент Сооронбай Жээнбеков күш құрылымдарынан жеке бизнесті тексеруді тоқтатыңдар деп талап етті. Бірақ елде керісінше саясат жүріп жатыр", - деді бұрынғы президенттің ұлы.

Басылымының мәліметінше, 31 қазанда ол басқаратын "Автомаш-Энерго" компаниясына әскери прокуратура қызметкерлері келіп тексеру жүргізген.

Сейитбек Атамбаев "Автомаш-Энерго" компаниясын 2003 жылдан бері басқарып келеді.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel