Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қысылмадым": Марйам Сатаева әкесінің көзінше сүйісетін сахналарды қалай сомдаған

Опубликовано:

Белгілі отандық кинорежиссер Ақан Сатаевтың қызы фильм түсірілімі барысында сүйісетін сахналарды әкесінің көзінше, орындауға мәжбүр болған. Марйам Сатаева бұндай сәттерде өзінің қандай сезімде болғанын айтып берді деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Өзінің танымал әкесі режиссері болған "Районы" фильмінде Марйам Сатаевның сүйісетін сәттері кездеседі.

Бойжеткеннің айтуынша, бұл сахналар шынайы болмаған, сондықтан ол әкесінен қысылмаған екен.

"Менің кейіпкерім 16 жастағы Дина есімді қыз. Басты рөлдегі Әрсеннің сыныптасы әрі ғашығы. Біз сүйісетін сахналар шынайы болған жоқ. Сондықтан, әкемнің алдында қысылмадым" , - дейді Сатаевтың қызы.

Айта кетейік, Марйам Сатаева кинорежиссер Ақан Сатаевтың үлкен қызы.

Бойжеткен бүгінде актрисалық мансабын шыңдап жүр.

Ол әкесінің бірқатар фильмдерінде түсіп, кейбірінде басты рөлді де сомдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1825163-kysylmadym-marjam-sataeva-kesini-kzinse-sjisetin-sahnalardy-kalaj-somdagan/

pixel