Выйти
RU

Инсайдер: Головкин кезекті қарсыласымен жекпе-жек өткізуге келісті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) жекпе-жек өткізуге келісті. Бұл туралы америкалық бокс шолушысы Дэн Рафаэль мәлімдеді деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оның айтуынша, аталған жекпе-жек қыстың аяғы немесе көктемнің басында өтуі ықтимал.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шеремета келесі жекпе-жегін қазақстандық боксшыға қарсы өткізетінін мәлімдеген.

Кейіннен Головкиннің 29 ақпанға Чикагодағы аренаны брондап қойғаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшының полякпен Чикагода жекпе-жек өткізу мүмкіндігін Головкиннің со-промоутері Эдди Хирн да мәлімдеген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Инсайдер: Головкин кезекті қарсыласымен жекпе-жек өткізуге келісті