Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақтың шапанын кию бақытына ие болған әлемдік жұлдыздар кімдер

Опубликовано:

31 қазан күні отандық әнші Димаш Құдайберген танымал ресейлік "Вечерний Ургант" бағдарламасына қатысып, тележүргізуші Иван Ургантқа шапан жапты. Әлем сахнасын бағындырып жүрген ол қазақтың ұлттық киімі сый-құрметке лайық адамдарға берілетінін айтты. Осы орайда, KAZ.NUR.KZ шапан киген әлемдік жұлдыздарды назарларыңызға ұсынбақ.

Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Facebook

2017 жылдың шілде айында елордаға XIII "Еуразия" Халықаралық кинофестиваліне келген голливудтық актер Николас Кейдж Қазақ ұлттық өнер университетіне ат басын бұрып, шапан сыйға алды. Продюсердің қазақтың ұлттық киімін киген суреті желіде лезде тарап кетті. Тіпті, көпшілік режиссерді қолдау мақсатында флешмоб ұйымдастырып, шапан жамылған суреттерін жариялай бастады.

Николас Кейдж. Фото: spletnik.ru
Николас Кейдж. Фото: spletnik.ru: Facebook

Дәл осы 2017 жылдың ақпан айында Джеки Чанмен кездескен Димаш Құдайберген оған қазақтың ұлттық киімін кигізіп, күй ойнап берді.

"Кездесуде актер маған өзінің эксклюзивті күртешесін және арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартты! Ал мен актерге қазақтың шапанын жауып, домбыраны сыйға тарттым! Домбырамен бір күй шертіп беруімді өтінген Джеки Чанға Нұрғисаның "Әлқисасынан" шашу шаштым! Өз кезегінде актер маған соңғы "Kung Fu Yoga" кинокартинасындағы би қимылдарын үйретті", - деп жазды әнші.

Әлемге Gangnam Style әнімен танылған оңтүстіккореялық әнші PSY 2015 жылдың 27 маусымында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өнер көрсетті. Ресейлік Дима Билан және басқа да қазақстандық орындаушылар қатысқан концертте спортшы Илья Ильин де бой көрсетті. Ол PSY-ға қазақ шапанын сыйға тартып, желіде әртіспен түскен суретін жариялады.

2010 жылдың 30 маусымы күні әйгілі бокшсы Майк Тайсон 44 жасқа толып, туған күнін Қазақстанның елордасында өткізді. "Астана" халықаралық экшн-фильмдер фестивалінде бой көрсеткен спортшыға ұйымдастырушылар шапан кигізді.

Ал танымал актер кинофорумға "Тайсон" атты биографиялық деректі фильмін алып келді.

Майк Тайсон. Фото: ok.ru
Майк Тайсон. Фото: ok.ru: Twitter

2016 жылдың 9 және 10 желтоқсан күні ресейлік әнші Тимати Алматы және Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласында концерт өткізді. Ол табынушыларының құрметіне сахнаға шапан мен "Қазақстан" жазуы бар, қазақстандық ту бейнелеген күрте киіп шықты. Алматы қаласында жамылған шапаны қазақтың ұлттық киіміне ұқсамаған соң ол елордада қатесін түзеп, таза қазақы шапанмен өнер көрсетті.

Тимати. Фото: pikabu.ru
Тимати. Фото: pikabu.ru: Twitter

2018 жылы қазақстандық компаниялардың бірі әйгілі футболшы Криштиану Роналдуға қазақтың шапаны мен естелік сыйлықтар ұсынды. Спортшыға сыйлық табыстау сәті Instagram әлеуметтік желісінде тарады. Дегенмен, Роналдудың қазақтың ұлттық киімін жамылған суреті жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1825174-kazakty-sapanyn-kigen-lemdik-zldyzdar-kimder-foto-video/

pixel