RU
Жыланның уынан қорыққан фермер саусағын шауып тастады

Жыланның уынан қорыққан фермер саусағын шауып тастады

Рассказать Вконтакте

Қытайдың Чжэцзян провинциясында күтпеген жағдай орын алды. Боз жылан шағып алған фермер оның уы өмірге қауіпті деп ойлап саусағын өз бетімен шауып тастаған. Алайда ауруханаға барғанда өміріне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын естіген деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Чжан есімді 60 жастағы ер адам жылан шабуылдаған кезде отын шауып жатқан екен. Фермер оны аса қауіпті улы жылан деп ойлаған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жыланның бұл түрі шаққан кезде адам тек бес қадам жасай алады, содан кейін көз жұмады. Удың денеге таралуынан қорыққан қытай бірден саусағын шауып тастапты.

Содан соң ол жараланған қолын матамен орап, 80 шақырым қашықтықта орналасқан ірі Ханчжоу қаласына келіп жеткен.

Ең қызығы, дәрігерлер оған саусағын бекер шапқанын, жылан уының соншалықты қауіпті емес екенін айтқан.

Дәрігер Жэнь Цзиньпин ер адам ағзасында улы жылан шаққан кезде пайда болатын бас ауруы, тыныс алу жолдарының тарылуы, қызыл иектің қансырауы сынды белгілер анықталмағанын жеткізді.

Дегенмен, науқасқа уды қайтаратын дәрі беріп, жараланған саусағын емдеген.

Ер адам сәуір айында көршісінің жылан шағып қаза болуына байланысты, қорыққаннан осындай қадамға барғанын айтқан.

Сіздің реакцияңыз
0
0
4
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel