Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Демалыс күндері елімізде -12 градусқа дейін күн суытуы ықтимал

Опубликовано:

Алдағы үш күнде, 2-4 қараша аралығында Қазақстанда күн суытып, жауын-шашын болады деп күтілуде деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қазгидореметтің болжамынша, белсенді және терең циклон Батыс Сібірге, ал арктикалық фронттар Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарына қарай ығысып жатыр.

Нәтижесінде батыс өңірде күн салқындап, аномальді жылудан кейінгі ауа температурасы климаттық нормадан 1…3°С төмендеген.

Алдағы демалыс күндері суық атмосфералық фронттар шығыс бағытқа қарай жылжып, ол республиканың көптеген облыстарында жауын-шашын, тұман, көктайғақ, екпінді жел шақыруы мүмкін.

Ал фронттармен араласатын суық антициклон температураның 3…12°С-қа дейін, оңтүстікте 0-5°С аязға дейін төмендеуіне әкеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1825198-demalys-knderi-elimizde--12-graduska-dejin-kn-suytuy-yktimal/

pixel