Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түнде жүруден қорықпайтын сүйіктісін қорқытпақшы болған жігіт сан соғып қалды

Опубликовано:

Есімінің жасырын болып қалғанын қалаған ер адам басынан өткен оқиғасымен желіде бөлісті. Ол өзінің қырсық сүйіктісіне сабақ беремін деп, өзі опық жеп қалған деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Жас жігіттің сөзінше, сүйіктісі жұмыстан үйге кешкі уақытта қайтып, әрдайым қараңғы жерлермен жүруге мәжбүр болады екен. Ол қызына бірнеше рет мұның қауіпті екенін айтып, таксиге ақша бермек болған. Алайда үнемшіл ару үнемі ұсыныстан бас тартып, үйге жаяу бара салатынын айтады екен.

Жуырда оқиға кейіпкері сүйіктісіне оның қырсықтығының арты немен аяқталу мүмкін екенін ұғындыру үшін оны өзі қорқытпықшы болған.

Ер адам ғашығын бұрышта тұрып күткен. Ол келе жатқан кезде жігіт атып шығып, бойжеткеннің зәресін ұшырыпты.

Мұндай әзілді түсінбей қалған ару бірден сүйіктісіне ашуланып, ызамен тап берген.

Қатты шошып қалған қыз абайсызда ұялы телефорнын жерге құлатып, сындырыпта алыпты.

Желіде оқиғасымен бөліскен жігіт оқырмандардан қолдау күткен көрінеді. Алайда олар да өз кезегінде қызды жақтайтынын, ер адамның ісі ақымақтың екенін жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1825199-kyrsyk-kyzyn-korkytpaksy-bolgan-zas-zigit-san-sogyp-kaldy/

pixel