Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайырымдылықпен айналысатын стоматолог кедейлерді бақытқа бөлеуде

Опубликовано:

Бразилиялық стоматолог Фелипе Росси – еңбегін бүкіл әлемге үлгі етуге лайық тұлға. Ол халықтың әлеуметтік осал топтарына көмектесіп, тістерін тегін емдеп жүр. Мына суреттерден оның көмегі тиген адамдардың қалайша өзгеріп, қандай бақытқа кенелгендерін байқауға болады деп хабарлайды bigpicture.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фелипе Росси 2016 жылы Por1sorriso қайырымдылық ұйымын құрған. Бұл ұйым Кения, Мозамбик, Бразилия және білікті стоматологтары жоқ әлемнің басқа да елдерінде тұрғындардың тістерін тегін емдеумен айналысады.

Россидің пікірінше, бұндай көмек адамдарға жай ғана тіс пастасы мен щеткасын беретін жобалардан айтарлықтай ерекшеленеді.

Осылайша, Филипе кәсіби жұмысы мен қайырымдылықты қатар алып жүр. Ал оның клиенттерінің қабылдауға дейінгі және емнен кейінгі суреттерін қарап, тіпті, екі бөлек адамдар секілді түрленіп кеткендерін байқауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1825215-kajyrymdylykpen-ajnalysatyn-stomatolog-kedejlerdi-bakytka-bleude/

pixel