RU
"Өте қиын" : Зеленскийдің қазіргі жағдайы туралы не білеміз

"Өте қиын" : Зеленскийдің қазіргі жағдайы туралы не білеміз

Рассказать Вконтакте

Украина президент әкімшілігінің басшысы Андрей Богдан ел басшысы Владимир Зеленский өзінің командасына бағытталған теріс пікірлер мен сындардан шаршағанынын білдірді деп хабарлайды Gazeta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Богданның айтуынша, Зеленский теріс пікірлерді, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарындағы сындарды "өте ауыр қабылдайды" екен.

"Өте қиын. Ол шаршады... Әсіресе, теріс пікірлерден шаршады. Бізге көптеген негативтер түсіп жатыр. Оны бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп, оқыған кезде, бұны өте ауыр қабылдайды" – деді президент әкімшілігінің басшысы.

Сондай-ақ, ол Зеленскийге Facebook-тегі жазбалар "бұрмаланған ақпарат" болғандықтан, оқуды доғаруға кеңес берді.

Богданның сөзінше, Зеленский Украинаның имиджін жақсарту үшін белсенді жұмыс істейді және оған көп күш жұмсайды.

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
4
1
1
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel