RU
Қостанайда джип мінген дөкей зейнеткерді соққыға жықты (видео)

Қостанайда джип мінген дөкей зейнеткерді соққыға жықты (видео)

Рассказать Вконтакте

Қостанай қаласында екі жүргізуші жолға таласып, нәтижесінде джип жүргізушісі зейнеткерді соққыға жықты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

69 жастағы Анатолий Шевцов көлігінен тіркемесін ажырату үшін өз гаражының маңына тоқтап, көшені жартылай бөгеп тастаған. Сол сәтте жол талғамайтын көлік бос учаскеден жүріп өтпек болады.

Видеода Шевцовтың автомобильді зақымдамас үшін оған маневр жасауға көмектесіп, қалай бұрылу керектігін қолымен нұсқап көрсетіп жатқанын байқауға болады.

Джипті тізгіндеген ер адам тар жерден өткен соң зейнеткермен сөзге келіп қалады. Содан соң ол көлігінен шығып, қартты соққының астына алған. Зейнеткер де дөкейдің әрекетіне жауап қайтарғысы келеді, алайда, оның шамасы жетпейтіні байқалып-ақ тұр.

Жәбірленушінің айтуынша, джип жүргізушісі оның мұрны мен тісін сындырғаннан кейін автокөлігіне мініп кетіп қалған. Қария сол күні кешке полицияға арызданған. Тәртіп сақшылары зейнеткерді соққыға жыққан ер адамның кім екенін әлі анықтаған жоқ.

Сіздің реакцияңыз
7
1
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel