RU
Назарбаев туралы әзілдеген Димаш ресейлік шоу қонақтарын тәнті етті (видео)

Назарбаев туралы әзілдеген Димаш ресейлік шоу қонақтарын тәнті етті (видео)

Рассказать Вконтакте

Әлемдегі ерекше дауыс иесі – Димаш Құдайберген Ресейдегі ең танымал "Вечерний Ургант" бағдарламасының қонағы болды. Бағдарлама барысында Назарбаев туралы ұтымды әзіл айтқан ол шоу қонақтары мен көрермендерін күлкіге қарық қылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадр: Instagram.com/kudaibergenov.dimash/ видеосынан

Кадр: Instagram.com/kudaibergenov.dimash/ видеосынан

Бағдарламаның осы бір қызықты сәтімен Димаштың өзі Instagram парақшасында бөлісті.

Шоу жүргізушісі Иван Урганттың сұрағына жауап беріп отырған ол Джеки Чанмен таныстығы туралы айтып жатқан болатын.

"Әйгілі болғанына қарамастан, ол өте қарапайым. Әлемдегі ең танымал адам ғой. Менің ойымша, тіпті, барлық дерлік президенттерден де танымал", – деді ол.
"Тек, біреуінен басқа", – деп сөзін бөлген Ургантқа, "Иә, Назарбаевтан", – деп қысқа жауап қайырды әнші.

Айта кетейік, сондай-ақ Димаш бағдарлама жүргізушісі Иван Ургантқа қазақтың ұлттық шапанын жапты.

Сіздің реакцияңыз
15
1
1
0
1
20
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel