RU
Түркіменстанда гей екенін айтқан жас дәрігер із-түссіз жоғалып кетті (видео)

Түркіменстанда гей екенін айтқан жас дәрігер із-түссіз жоғалып кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Түркіменстанда 21 қазан күні өзінің гей екенін айтқан жігіт із-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы "Азатлык" радиосына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Видеодан кадр/ Радио "Азатлык"

Фото: Видеодан кадр/ Радио "Азатлык"

24 жастағы Қасымберді Гараев ғылыми-клиникалық кардиология орталығында кардиолог болып еңбек еткен.

24 қазан күні оны полиция қызметкерлері үш атасы бойынша туыстары жайлы ақпаратты тексеру үшін шақырған.

Ал бұл Түркіменстандағы мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлер үшін міндетті болып табылады.

Сол уақыттан бері жігіттен хабар жоқ.

Радио тілшілері Қасымбердінің жұмыстан қуылғанын, ал оның жанұясы Ашхабад қаласындағы үйінен көшіп кеткенін анықтады.

"Өткен жылы елде саяси мотивтерге байланысты адамдарды тұтқындап, олардың отбасын ешкім таба алмастай басқа жаққа көшірген жағдайлар болған",- деп жазады басылым.

Өзінің жоғалып кетуі мүмкін екенін білген азамат видеоүндеу жазып қалдырған. Қасымберді жанұясына туындатқан мәселе үшін кешірім сұраған.

Сіздің реакцияңыз
4
2
2
13
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel